Бастапқы бет / Айтарым бар еді / Оралмандар туралы заң қайтсе оңалады?

Оралмандар туралы заң қайтсе оңалады?

Өткен аптада ғана Парламент Мәжілісіне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жаңа заң жобасының таныстырылымы өтті. Аты атып тұрғандай, құжат көші-қон мәселесін, соның ішінде оралмандар ахуалын айқындайды. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әзірлеген заң жобасында оралмандарға қатысты бұрынғы олқылықтар біршама жойылады деген үміт бар. Мәселен, құжатта азаматтық алу мәселесін жеңілдету, олармандарды еңбекпен қамту және орналастырудағы мәселелер қамтылмақ.

 

Дегенмен, бұндай өзекті заңға қатысты ұсыныс та аз емес. Соның ішінде, жекелеген азаматтардан бастап, қоғамдық ұйымдар тарапынан белсенділік болғаны да заңның сапалы шығуына бірден бір кепіл болса керек. Шет елдерден келетін қандас бауырларымызға қатысты заңның Парламент қабырғасында талқыланып жатқан тұста оны баспасөз жүзінде көтеріп, зерделеу де жүкті біршама жеңілдетеді деген ойдамыз. Осыған орай, оралмандарға қатысты заң мәселесінде біраз жылдар бойы белсенділік танытып жүрген «Жебеу» қоғамдық бірлестігінің хатшысы Рақым Айыпұлы мырзаны «Алаштың халықтық мәслихатына» сұхбатқа арнайы шақырып отырмыз.

Интернет-конферценция алаңы арқылы оқырман заң жобасындағы жаңалықтармен қоса, өзі де ұсынысын ортаға сала алады деген ойдамыз. Ендеше ардақты әлеумет, көкейде жүргін көп сұрақтарыңызды, білгіңіз келетін мәселелерді, түйткілді сауалдарыңызда ғаламтор желісі арқылы біздің сайтымызда қоюыңызға әбден болады. Рақым Айыпұлы жаңа заңнамаға қатысты жасалатын ұсыныстар төңірегінде де жауап беруге әзір.

 

Еске сала кетейік, интернет-конференция ашудағы басты мақсат – қоғамдағы өзекті мәселеге қатысты азаматтар тарапынан туындайтын сауалдарға лауазымды тұлғалардың, шенеуніктердің жауабын жедел ұйымдастыру.

 

Осыған орай, Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты көкейде жүрген, білгіңіз келетін сауалдар болса бізбен байланысыңыз! Толғандырған сұрақтарды сайттың ««Алаштың интернет-мәслихаты» айдарындағы форум арқылы қалдыруға және info@alashainasy.kz, aa_astana@mail.ru электронды пошталарымен, сондай-ақ Астана қаласының тұрғындары үшін 54-27-31; 54-27-30 байланыс телефоны арқылы қабылдай аламыз.

Ендеше желіде – «Жебеу» қоғамдық бірлестігінің хатшысы Рақым Айыпұлы!

Оқи отырыңыз

Жанар Айжанова «сақалдыларды» жерден алып, жерге салды

Танымал әнші Жанар Айжанова Ақтөбеге кезекті сапарларының бірінде атышулы «Паллада» дүкені маңында қалай пәтер жалдап ...

2 пікір

  1. Жалгас

    Ассалаумагаликум Бауырлар мен 2016 Жылы Озбекистанан кошіп келіп ыхтярхаты алып едім Казакстан респуликасының келгеніме бір жылдан асты Жеке омириме байланысты Азаматык ала алмай калдым еді маган 5 турасын деп жатыр Азаматык алу ушін Маган тездетип Азаматык алсам деймін Осыган баяланысты заңга озгеріс енгизема екен ??

  2. Жалгас

    Оралмандык куалікгім мерзімі бітіп кетті сол үшін Азаматык ала алмай жүрмін енді 5жыл туру керекпін Осыган кандай комек корсете аласыздар агайндар

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *