Бастапқы бет / Ел жаңалықтары / 2017 жылы «Серпін-2050» бағдарламасымен 5 мың грант бөлінеді  

2017 жылы «Серпін-2050» бағдарламасымен 5 мың грант бөлінеді  

 

Елімізде «Серпін-2050» бағдарламасы басталғалы бері Оңтүстік Қазақстанда 5,5 мыңнан астам жас түлек бағдарлама аясында қалаған мамандығына түсіп, жоғары білім алған. Бұл туралы облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Балмаржан Нарбекова мәлім етті.

«Мемлекет басшысы өзінің биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында «… Басы артық жұмыс күші бар өңірлерден басқа жерлерге, сондай-ақ ауылдардан қалаларға жұмыс күшін ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсету қажет» деп айтқан болатын. Міне, аталмыш «Серпін -2050» бағдарламасы осы тапсырманы жүзеге асыруға бағытталған бірден –бір игі іс», — деді Балмаржан Полатқызы.

Тарқатып айтсақ, соңғы үш жылда 9 облысқа – Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан облыстары мен Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Атырау облыстарына 5627 түлектің 4698-і  жоғары оқу орнына түссе, 929 талапкер колледждерде білімін жалғастырған. Яғни, 2014 жылы «Серпін-2050» бағдарламасы аясында жоғары оқу орындарына 1050 грант бөлініп, 540 талапкер оқуға түссе, 2015 жылы 5000 грант бөлініп өңірімізден 2580 түлек оқуға түскен. Ал 2016 жылы 3162 грант бөлініп, 1578 талапкер грант иегері атанған.
«Орта арнаулы оқу орындарды айтар болсақ, 2014 жылы 1000 грант бөлініп, күнгейлік 326 жас оқуға түссе, 2015 жылы 34 колледжге 1200 грант бөлініп, 359 талапкер білімін жалғастырды. Былтыр 31 колледжге 1000 грант бөлініп, өңірімізден 244 жас оқуға түсті. Биыл біздің болжамымыз бойынша яғни 2017 жылға 5 мың грант бөлінгелі отыр. Оның 4 мыңы жоғары оқу орындарына арналса, 1 мыңы колледждерге үлестіріліп беріледі»,-дейді басқарма басшысы.

Осыған орай, 2017 жылдың басынан бері барлық аудан, қалаларда аталған бағдарламаны насихаттау аясында 80 кездесу өткізіліп, оған 8 мыңға жуық жас қатысқан. Сонымен бірге, таяуда өңірлердегі жас түлектер арасында үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізу, жіберуші өңірлерде әлеуметтік жобаны кеңінен ақпараттандырып, таныстыру мақсатында «Серпін күндері» өткізілді. Оңтүстік аймақтардағы мектеп бітіруші түлектерге Солтүстік аймақтардағы жоғары және кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінде білім беруді насихаттауды іске асыру мақсатында 9 облыстағы (Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан облыстары, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанда, Атырау облыстары) 22 жоғары оқу орнынан және 30 орта арнаулы оқу орнынан өкілдер келіп, облыстың барлық 14 аудан, қалаларында — 8 мың халықпен (ата-ана, ұстаздар, мектеп бітіруші түлектер) кездесу өткізді.

 

 

Оқи отырыңыз

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ...

1 пікір

  1. Мен осы «серпін 2050» оқу үшін құжатар жинаимызба қандаи құжатар. Шығыс Қазақстанан дық түлектері баруға болама. Қаи жерге барып сөилесу керек.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *