Бастапқы бет / Ел жаңалықтары / 1 шілдеден бастап ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға өседі

1 шілдеден бастап ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға өседі

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылғанына 25 толуына және полиция күніне орай осы саланың қызметкерлерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы жиынға қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап, дәл осы күні ширек ғасыр бұрын Қазақстан республикасы ішкі істер органдарының құрылғанын атап өтті. Қазақстан полициясында жанкештілік пен ерлік үлгілерін көрсеткендер аз еместігін, отанға құрмет жолында құрбан болғандығын еске салды.

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы жоғарыда көрсетілген стратегиялық міндеттердің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін 2017 жылғы 1 шілдеден бастап ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбекақысын 25 пайызға өсіру жөнінде шешім қабылданғанын жеткізді.

«Жұрт сіздерге қарап, мемлекеттік билік туралы пікір қалыптастырады. Сол себепті, полиция қызметкері баршаға үлгі болуға тиіс. Қазақстан полицейлері алдағы уақытта да бар күшін, тәжірибесі мен қуатын абыройлы парызды сәтті орындауға жұмсайтынына сенімдімін», – деді Қазақстан президенті. Аbct

Оқи отырыңыз

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *