Бастапқы бет / Басты тақырыптар / Бір басында 586 пәтері бар депутат

Бір басында 586 пәтері бар депутат

Украинада мемлекеттік декларацияны жариялау барысында бір басында 586 пәтері бар депутат анықталған. Ирпень қалалық кеңесінің мүшесі Игорь Оверко бірыңғай мемлекеттік тексеруге дейін оның 400-ін сатып үлгеріпті. Ресми құжатта одан түскен табыс 51,9 млн гривна, яғни 2 млн АҚШ доллар болғаны көрсетілген. Сөйтіп, саясатер меншігінде енді небәрі 186 пәтер ғана қалыпты. Ақпаратты РБК телеаранасы Рада құжатына сілтеме жасап таратып отыр. Көпқабатты жылжымайтын мүліктен бөлек, Оверконың меншігінде 4 котедж бен 18 жер учаскесі бар екен. Негізі, Игорь Оверко Украинадағы танымал кәсіпкердің бірі, жеке құрылыс фирмасының қожайыны. Дегенмен, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бюросы мұнша мүліктің қайдан келгенін анықтап жатыр. Ал Оверконың өзі заң бұзбадым деп түсініктеме берген.

Оқи отырыңыз

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *