Бастапқы бет / Ел жаңалықтары / Ақтөбеде әкім мен мектеп директорының орынбасары өртте қалып, мерт болды

Ақтөбеде әкім мен мектеп директорының орынбасары өртте қалып, мерт болды

Ақтөбе облысында ауыл әкімі мен мектеп директорының орынбасары далада шыққан өрттен қайтыс болды.

Бұл туралы облыстық әкімдікке сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады.

Кейбір мәліметтер бойынша, тағы бір жұмысшы ауыр жарақат алған. Ол ауруханаға жеткізілген. Дереккөздің мәліметінше, әкім оқиға орнында тірідей өртеніп кеткен, ал директор орынбасары ауруханада көз жұмған. Олардың оқиға орнында қайдан жүргені әзірше белгісіз. Ақтөбе облыстық ТЖД өкілдері әзірше пікір білдірмей отыр.

«ІІД өкілдерінің мәліметіне қарағанда, оқиға облыстағы Әйтеке би ауданына қарасты ауылда болған. 4-қыркүйекте шамамен 19.00-де далада шыққан өртті сөндіру кезінде үш адам өрт аумағында қалып қойып, шыға алмай қалған. Олардың бірі — ауылдық округтің әкімі — 1979 жылғы Батырбек Бірлепесов оқиға орнында қаза тапты, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді: 1978 жылғы мұғалім Жолдыбек Әбдіисламов, ол келесі күні қайтыс болды, яғни кеше. Тағы бір зардап шеккен Смайылов 1979 жылғы, ол ауруханада», — деп хабарлады облыстық әкімдіктегілер.

Даланы шарпыған өрттің ауданы — 65 гектар.

Оқи отырыңыз

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ...

1 пікір

  1. Ауданда осы өрттен екінші әкім қаза тауып отыр. Аудан әкімнің орынбасарыі Рахметов Темірбек бұрын Басқұдық округінің әкімі боп тұрғанда, боран болатындығы туралы хабар алып тұрса да елге хабарламай, үш адам қаза тапқан екен..Жауапсыздық пен өртке дайындық жөнінде жалған ақпарат берудің салдарынан тағы да ел азаматтарынан айырылып отыр. ЧС-ке жетекшілік ететін Рахметов, әкімшіліктегі осы салаға маман етіп өзінің немере тумасының баласын жұмысқа отырғызған. Сосын не оңсын. Бұндай адамдарды аудан әкімінің орынбасары етіп қоюдың өзі қылмыс емес пе. Мемлекеттік қызмет қалталылардың және соарға жақын тумалардың ермегі мен ойыншығына айналған соң, ел қайдан оңады. Ертең ескерту алады да қызмет орыны мен орындығын байырғы құйрығының астында төпеп, мазағына айналдырады.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *