Бастапқы бет / Басты тақырыптар / Павлодар облысында «Серпін» бағдарламасы бойынша 505 студент білім алып жатыр

Павлодар облысында «Серпін» бағдарламасы бойынша 505 студент білім алып жатыр

Еліміздің оңтүстік өңірінен «Серпін» бағдарламасы бойынша келген 505 студент облысымыздағы жеті оқу орынында 12 мамандық бойынша білім алуда, деп хабарлайды pavlodarnews.кz тілшісі. Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Қоғамдық келісім» кеңесінің кезекті отырысында облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жомарт Қарамбаев мәлім етті.

— Жоғарыда аталған студенттердің ішінде ішінде Оңтүстік Қазақстан облысынан 258, Қызылордадан 209, Жамбылдан 32, Алматы облысынан төрт және Маңғыстау облысынан екі студент келді. Олардың екі жүзі биыл оқуға қабылданды. Біздің өңірде білім беру мекемелеріне жыл сайын 500-ден астам жас маман жұмысқа орналасады. Мәселен, өткен жылы 554, ал биылғы жылы 509 жас мұғалім жұмысқа қабылданған. Биыл келгендердің 311-і жоғары оқу орныдарын бітірген болса, қалғандары — колледж түлектері, — дейді Жомарт Қарамбаев.

Басқарма ұсынған мәліметке сүйенсек, білім беру мекемелерде 20 мыңнан астам адам қызмет істейді. Оның 11 мыңы – ұстаздар қауымы. Жергілікті ауыл әкімдерімен бірлесіп, жас мұғалімдерге барлық жағдайы жасалуда. 2017 жылдың тамыз айындағы мәлімет бойынша биыл 98 маманға тұрғын үй алу үшін республикалық бюджеттен 291 млн теңге көлемінде несие берілген. Бұдан басқа, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Медет Шоқанов кеңес мүшелерінің алдында жастар тәжірибесі жобасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Оның сөзінше, биыл жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында 128,5 млн теңге бөлінген. Қазіргі таңда аталған басқарма 257 кәсіпорынмен келісімшартқа отырып, 484 жас маманды жұмысқа орналастырған.

Сонымен қатар, «Қоғамдық келісім» кеңесінің төрағасы Идият Әбдіхалықов жақында Екібастұз қаласы және Шарбақты ауылдарын аралап, өңірлерде атқарылып жатқан жұмыстармен танысатынын жеткізді. Шара соңында ол өңіріміздің мәдени, рухани жұмыстарына белсенді араласып жүрген бірқатар азаматқа қоғамдық кеңес мүшесіне қабылданғаны туралы куәліктер табыс етті. Тілеуберді Сахаба

Оқи отырыңыз

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *