Бастапқы бет / Ел жаңалықтары / Биылғы қыс қалай болады? 100 жылда болмаған аяз келеді дегені қаншалықты рас?

Биылғы қыс қалай болады? 100 жылда болмаған аяз келеді дегені қаншалықты рас?

Қазгидромет: біреулер қыс қатты болады деп әсірелеп жүр.

Желіде пайда болған хабарламада Еуропа, Ресей мен Қазақстанда қыс мезгілінде соңғы жүз жылда болып көрмеген аяз болады делінген. Қазгидромет баспасөз хатшысы Малика Бүлдекбаева халықты үрейге бой алдырмауға шақырады


«Дәл осындай ақпарат қамтылған, Джеймс Меддэннің болжамына сүйенген хабарлама 2016 жылы күзде де тараған. Жыл сайын біреулер қыс қатты болады деп әсірелеп көрсетуге тырысады. Мұны кез келген іздеу желісінде тексере аласыз, сол себепті Қазгидромет үрейге берілмей, бұл хабарламаларды тексеріп көруге кеңес береді, өйткені жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жаза қарастырылған», — деп атап өтті Малика Бүлдекбаева.

Малика Бүлдекбаева синоптиктердің болжамына сілтеме жасап, қыркүйекте қыс біраз «дайындық» жүргізеді деп хабарлады.

 

Оқи отырыңыз

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *