Бастапқы бет / Ел жаңалықтары / Солтүстіккке қоныс аударушыларды ынталандыру қажет

Солтүстіккке қоныс аударушыларды ынталандыру қажет

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысынан солтүстік облыстарға 520 мүшесі бар  129 отбасы қоныс аударды.  Осы қарқынды жоғалтпау үшін алдағы уақытта көшуге және үй жалдауға берілетін субсидияны сақтап қалу көзделіп отыр. Сондай-ақ,  қоныс аударушы отбасылардың мүшелерін  жұмыспен қамтыған адамдарға субсидия беру жалғасатын болады. Бүгін бұл туралы Үкіметтің онлайн режимінде өткен селекторлық отырысында  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.

Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының 2017-2021 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалуын баяндаған өңір басшысы солтүстік облыстарға қоныс аударушыларға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы заим беруді ұсынды. Сонымен қатар  конкурссыз бақша егуге, конкурспен ұзарту құқығымен жер телімдерінің ұсынылуын, қоныс аударушыларды бейімдеу орталықтарын жергілікті бюджет қаражаты есебінен құруды толығымен қолдайдығын жеткізді.

«Қоныс аударушылар үшін көшуге және үй жалдауға сбсидияларды сақтап қалу қажет.  Бұл ретте екінші реттік нарықтан тұрғын үй сатып алу мүмкіндігі болғанда, қоныс аударушының келісімімен тұрғын үй жалдауға субсидияның жылдық суммасы бір реттік төленуін қамтамасыз ету көзделуде. Егер жоғарадыға айтылған жеңілдіктер орындалса,  халықтың  өз еркімен қоныс аударуына септігі мол болатын еді. Облыс тарапынан алдағы уақытта тұжырымдамадағы негізгі бағыттар бойынша тиісті жұмыстар атқарылатын болады» , -деді Жансейіт Қансейітұлы.

Биылғы жылы ішкі көші-қонды дамыту және халықтың ұтқырлығын дамытуды жандандыру үшін Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдерімен меморандумдар түзіліп, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің қатысуымен сәуір айында өңіраралық бірігуді дамытудың шаралары ұйымдастырылған. Іс-шараға 5780 азамат қатысып, олардың 2019-ы қоныс аударуға ниет білдірген.

Бұдан бөлек, биылғы жылы  өңірде шетелдік жұмыс күшін тартуға 4983 бірлік квота бөлінген. Бөлінген квота негізінде 90 кәсіпорын  мен ұйымда  3134 шетел азаматтары қолданыстағы рұқсаттар бойынша жұмыс істеуде. Рұқсат берілген шетел жұмыс күшінің 11,4 пайызы білікті жұмысшылар болса, құрамындағы білікті мамандардың үлес салмағы 88,6 пайызды құраған.

Облысымызда биыл 2441 адамға оралман мәртебесі берілген. Олардың  2285-і Өзбекстаннан, 117-сі Ауғанстаннан, 6-уы Тәжікстан, 6 адам Монғолиядан, Ресейден –16 адам, Қытай Халық Республикасынан 6 адам, Қырғызстаннан – 4 адам қоныс аударып келген.

 

 

Оқи отырыңыз

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *