Бастапқы бет / Ел жаңалықтары / ЭЛЕКТРОНДЫ ҚОЛТАҢБАНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЭЛЕКТРОНДЫ ҚОЛТАҢБАНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев халыққа арнаған кезекті «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін мейлінше оңтайландыруға, адамның өзінің баруын қажетсінбейтін қызметтерді толық электрондық форматқа көшіруді міндеттеді. Электронды үкімет — мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларды автоматтандыруға және оңтайландыруға негізделген, сондай-ақ, электрондық нысанда қызметтер көрсетуге арналған өздерінің арасындағы, жеке және заңды тұлғалармен ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі. Яғни, мемлекеттік қызметтерді алуда барынша автоматтандырылып, оңтайландырылған, қоғамның әрбір мүшесіне әлеуметтік коммуникация шығындарын төмендету мақсатына қызмет ететін электронды жүйе. Сонымен қатар, қазіргі таңда электрондық үкімет порталында ұялы телефон нөміріне жолданған бір реттік парольді енгізу арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасыз 30 қызмет қолжетімді.
Бұл өз кезегінде, қазіргі заманның технологияның қарыштап дамыған, жаппай цифрландыруға бет бұру тұсында әрбір азаматқа өзіне берілген мүмкіндіктер аясын кеңейтуіне жол ашады.
Осыған орай, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің ұйымдастыруымен Ордабасы ауданы әкімдігінде мекеме қызметкерлерінің қатысуымен жиналыс өтіп, электронды-цифрлы қолтаңбаның мүмкіндіктері түсіндірілді. Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары Рахымжан Салықбаев пен Айдын Әзімбаева «электрондық үкіметтің веб- порталына» және «мобилді үкіметке» тіркелу, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу жолдарын баяндады. Жиынға қатысушылар мамандарға сұрақ қойып, жан-жақты жауап алды.

Оқи отырыңыз

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *