Бастапқы бет / Айтарым бар еді / Ринат Зайытов тағы да қатты айтқан екен (видео)

Ринат Зайытов тағы да қатты айтқан екен (видео)

 Әлеуметтік желіде Ринат Зайытовтың кезекті бір айтысының бейнежазбасынан үзінді таралып жатыр. Онда ақын қазақтың бүгінгі жайы туралы ащы шындықты айтқан. Сөйтіп, ол көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді.

Бұл туралы Караван хабарлайды.

Бұл биыл мамыр айында Ақтөбеде өткен «Ақтөбем менің еңселі, жырыма қосам мен сені» атты ақындардың республикалық айтысының бейнекадрлары болып шықты. Онда Ринат Зайытовтың астаналық Нұрмат Мансұровпен сөз сайысынан үзінді берілген.

Ринат өз кезегінде мынадай жыр жолдарын айтыпты:

Ал енді жыр толғайын Қасымдардай,

Қақпасы жүрегімнің ашылғандай.

Несіне ақынмын деп арқаланам,

Алты ауыз сөз айтпасам асылдардай.

Бермесең бермей-ақ қой бас жүлдеңді,

Бастайын бойымдағы тасқынды енді.

Жағынған жасықтарды марапаттау

Онсыз да біздің елде дәстүрге енді.

Талайдың естігенде былжырағын,

Ызадан күн жыладым, түн жыладым.

Қысық көз емес, бірақ қазағымның

Намыссыз болғанына қынжыламын.

Бір қытай жерімізге көз салады,

Бір қытай қызымызға сөз салады.

Ей, қазақ, оянатын кезің келді,

Жігерің жетпіс жылда тозса-дағы.

Бес елі сорым тұрса маңдайымда,

Өзімді өтірікпен алдайын ба?

Қымызым кетсе жаудың таңдайында,

Қыздарым кетсе жаудың борбайында.

 

Осы жалынды сөздерге риза болған жұрт қайта-қайта шапалақ ұрумен болған.

Айта кетейік, Ақтөбе облысының 85 жылдық мерейтойына арналған бұл айтыстың бас жүлдеге тігілген 2 миллион теңгесін қарағандылық Төлеген Жұманов жеңіп алды. Ал Ринат Зайытовқа бірінші орын бұйырған. Жүлделерді облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі табыстапты.

Оқи отырыңыз

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *