Бастапқы бет / Ел жаңалықтары / Шығыс Қазақстанда төрт ауыл жойылады

Шығыс Қазақстанда төрт ауыл жойылады

 

Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданында төрт ауыл заңды түрде жойылады. Атап айтқанда, Өрнек, Каменка, Қызыл жұлдыз және Қарғалы ауылдары. Себебі аталған ауылдардағы тұрғындар саны 50-ден аз, деп хабарлайдыaltaynews.kz.

«Бұл ауылдың тұрғындары ешқайда да көшірілмейді. Қыста ол жақтарға жол ашу жұмыстары жүргізіледі. Иеліктегі жерлер өз қожайындарында қалады. Төрт ауыл заңды түрде жабылғанымен, аудандағы негізгі елді мекендер құрамына енетін болады», — деді аудан әкімі Рамиль Сағындықов.

Айта кету керек, қар қалың түсетін Көкпекті ауданында осы қыста қардан аршу жұмыстарымен «ДСУ-14» және «Көпекті жолдары» атты екі компания айналысатын болады. Бұл тұрғыда осы жылдың соңына дейін жергілікті бюджеттен 20 миллион теңге қаражат қарастырылған. Келесі жылы бұл мақсатқа 90 млн теңге жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *