Бастапқы бет / Ел жаңалықтары / Тұрсынғали Алагөзовке қатысты екі бірдей қылмыстық із қозғалды

Тұрсынғали Алагөзовке қатысты екі бірдей қылмыстық із қозғалды

 

Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі темір тордың арғы жағында отырғаны белгілі. Пәле бір айналырса шыр айналдырады демекші, белгілі продюсердің қазіргі сүйіктісі де жазаға ұшырап кетуі бек мүмкін.

Тұрсынғали Алагөзовке қатысты екі бірдей қылмыстық із қозғалды. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Алагөзовтің екі төлқұжатпен жүргенін анықтады, – деп хабарлайды «Время» газеті.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің келтірген дерегіне сенсек, Алагөзовте Қазақстанның екі төлқұжаты бар.

Бірінде Тұрсынғали Алагөзов болса, екіншісінде 1970 жылы Павлодар облысында туған Дәурен Жангутин боп жүр екен. Екеуінде де Алагөзовтың суреті жапсырылған.

Сөйтсе екінші жалған құжатты белгісіз біреулер ол басшысы боп келген Galanz bottlers АҚ зауытына анонимді жолдапты. Зауыттағылар бұл дерек туралы полицияға бірден хабар берген. Осыған қатысты қазір қылмыстық іс қозғалған. Оқиға 2017 жылдың 15-тамызында орын алыпты.

Тергеу кезінде техникалық-криминалистік сараптама жүргізілген. Сараптама нәтижесінде құжаттардың жалған екені дәлелденді.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері жеке куәліктің нағыз иесін тауыпты. Бірақ ол азаматтың өз төлқұжаты мен жеке куәлігі бар болып шыққан. Қазіргі уақытта шекара қызметкерлері қолтаңбасы бойынша құжаттың кімге тиесілі екенін анықтауға тырысып жатыр.

Айта кетелік, ажырасу процесінен соң зауыт акциясын Алагөзов Ләйсараға берген.

Заң тәртібін бұзушылық жөніндегі екінші іс 19-қазанда қозғалған.

Дәл сол кезде Алагөзов еңгезердей ер адамдармен бірге Galanz bottlers зауытына басып кіріп, кассаны басып алмақ болыпты.

Оқи отырыңыз

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *