Бастапқы бет / Басты тақырыптар / 2018 жылы тарихтағы ең бай адам атанған кім?

2018 жылы тарихтағы ең бай адам атанған кім?

Bloomberg ақпараттық агенттігі тарихтағы ең ауқатты адамның есімін атады.

Түрлі тауарлар мен қызметтерді интернет арқылы жеткізумен айналысатын Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос әлемдегі ең бай тұлға атанды. Атап өткен жөн, бұрын бұл атақ кәсіпкер Билл Гейтске тиесілі болатын.

Агенттіктің онлайн-рейтингі бойынша Д.Безостың бүгінгі таңдағы қаражат көлемі 105,1 млрд.долларға жеткен.

Bloomberg-тің дерегінше, Amazon-ның капитализациясы 2017 жылы 57%-ға, ал жаңа 2018 жылы тағы 6,6%-ға артқан. 2017 жылы жаңа жыл маусымында аталмыш компания Американың онлайн-сатылым нарығының шамамен 89%-ын қамти алған.

Бүгінгі таңда Amazon.com сервисі тауарлардың 30-дан астам түрін сатумен айналысады. Оның ішінде әсіресе электрондық кітаптар, тұрмыстық техника, балаларға арналған ойыншықтар, азық-түлік өнімдері, спорттық тауарлар және т.б. халық арасында өте танымал.

Естеріңізге сала кетейік, Джефф Безос сауда саласында интернеттің әлеуетін кеңінен пайдалана алған ең алғашқы кәсіпкерлердің бірі.

Оқи отырыңыз

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *