Бастапқы бет / Басты тақырыптар / Елімізде байланыс қызметін көрсету ережелері өзгермек

Елімізде байланыс қызметін көрсету ережелері өзгермек

Жуырда Қазақстандағы байланыс қызметтерін көрсету қағидаларына өзгерістер енеді.

Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың әлеуметтік желіде берген мәліметі бойынша, жаңа өзгерістер ұялы байланыс абоненттерін бұрыннан алаңдатып жүрген күрделі мәселелерді шешуге бағытталған.

Сонымен қатар, Д.Әскербекұлының айтуынша, жаңа ережелер байланыс операторларына дербес шотта қаражат болмаған жағдайда қызмет көрсетуге мүмкіндік бермейді. Бұл әсіресе роуминг қызметтеріне қатысты болмақ.

Бұдан бөлек, ауыстырылған нөмірлерге қоңырау шалу барысында «beep» сигналын мәжбүрлі түрде орнату тәжірибесі жойылмақ. Яғни, алдағы уақытта шақыру сигналының алдында қосымша акустикалық дыбыстар мен үзілістер орнату тек абоненттің өтінішімен ғана қосылады.

Сондай-ақ, абонентке ussd командалары мен смс-хабарламалар жіберу арқылы қосымша қызметтерді ұсыну мәселесі де шешілмек. Ендігі телефон клавиштерін байқаусызда басу және басқа да ағат жасалған іс-әрекеттер қажет емес қызметтердің қосылуына әкеп соқтырмайтын болады.

Оқи отырыңыз

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *