Бастапқы бет / Басты тақырыптар / Марк Цукерберг Facebook-ты жөнге салуға уәде берді

Марк Цукерберг Facebook-ты жөнге салуға уәде берді

Facebook әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Марк Цукерберг оқырмандарымен алдағы жоспарымен бөлісті.

Әр келген жаңа жыл сайын қайсымыздың да белгілі бір жоспарды алға қоятынымыз секілді атақты бизнесмен де өзінің іске асырғысы келетін ойын ортаға салды. Цукерберг алдағы уақытта ең әуелі Facebook-ты жөндейтіндігін айтады. Себебі, оның ойынша соңғы кездері ол қызықсыз бола бастаған. Сондықтан оны жаңарту мақсатында Марк мырза келелі жұмыстарды қолға алмақ.

«Бүгінде әлем үрейлі әрі бытыраңқы. Facebook-тың да жұмысы көп. Біздің қауымдастықты тіл тигізулерден және жауыздықтан, өзге мемлекеттердің араласуынан қорғау керек. Біз барлық қателіктердің алдын ала алмаймыз, бірақ менің алға қойған мақсатым – осы проблемаларды шешуге тырысу», — деп жазады Цукерберг.

Сондай-ақ, Марк орталықсыздандыру мәселесіне ерекше назар аударып отыр. Өйткені, бұрындары Facebook желісі еркін пікір білдіруге болатын алаң болған еді, ал соңғы екі жыл ішінде желі пайдаланушылары оны түрлі айла-шарғыларға толы мақсаттарда қолдана бастады. Бұдан бөлек, фейсбукте фейктер саны да көбейе түсті әрі саяси қудалаулар үдеп кетті. Сондықтан, Цукерберг фейсбуктың бұрынғы 2009 жылғыдағыдай еркін әрі сенімді келбетін қайтаруды өзіне мақсат етпек. Ол бүгінде аталмыш әлеуметтік желінің қайтадан халықтың сүйіспеншілігіне бөленгенін қалап отыр.

Оқи отырыңыз

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *