Бастапқы бет / Басты тақырыптар / 2018 жылдың әлемдік қауіптері аталды

2018 жылдың әлемдік қауіптері аталды

Америкалық TIME журналы 2018 жылы орын алуы мүмкін әлемдік қауіптердің тізімін құрастырды.

Тілшілер қауымы бұл жолы қауіп-қатерлердің санын онға жеткізген. Олар бірінші орынға «Қытайдың ықпалының өсуін» қойып отыр. Пайымдауларынша, Аспан асты елі экономикалық тұрғыда әлем елдеріне ықпалын тигізуде.

Бұдан бөлек, сарапшылардың пікірінше, осы жылы Америка мен Қытай арасында сауда саласында шиеленіс орын алуы ықтимал. Журналистер екінші орынға киберкеңістіктегі шиеленістер мен бәсекелестікке қатысты катастрофалық қақтығыстардың туындау мүмкіндігін қойған. Бұған Солтүстік Корея, Сирия елдеріндегі саяси күрестер және АҚШ пен Ресей арасындағы күрделі қарым-қатынас, ДАИШ содырларының таралуы сынды проблемалар жатады.

Ал үшінші орынға «салқын технологиялық соғыстың» туындауы жайғасқан. Сонымен қатар, 2018 жылдың басты әлемдік қауіп-қатерлері қатарына «Мексикалық фактор», «Ұлыбританиядағы келіспеушіліктер», «Африканың қауіпсіздігі», «Нео-протекционизм», «Оңтүстік Азиядағы сәйкестілік саясаты», «Институттардың әлсіреуі» және «Иран мен АҚШ арасындағы шиеленіскен қарым-қатынастар» кірген.

Оқи отырыңыз

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *