Бастапқы бет / Басты тақырыптар / Ордабасылық шабуылшы Тобыл құрамасына өтуі ықтимал

Ордабасылық шабуылшы Тобыл құрамасына өтуі ықтимал

Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубының шабуылшысы Таңат Нөсербаев Қостанайлық «Тобыл» командасының сапына енуі мүмкін.

Осы уақытқа дейін Т.Нөсербаев «Ордабасы» және «Астана» клубтарының абыройын қорғап жүрді.

Премьер-лигадағы дебюті 2006 жылда басталған ойыншы Шымкенттік құрама сапында бес маусым өткізіп, 98 матчта өнер көрсетті және қарсылас қақпасына 13 гол соқты. Ал 2011 жылы «Астана» командасына өтіп, құрамамен бірге 151 матчта ойнап, 46 гол сала білді.

Ол өткен маусымда «Ордабасы» клубымен келісімшартқа отырып, маусымдағы үздік шабуылшы атағын иеленген болатын. Таңат Нөсербаев халық арасында еліміздің ең жылдам футболшысы атанып та үлгірді.

Футбол сарапшыларының дерегінше, ендігі бұл үздік футболшы Қостанайлық «Тобыл» командасында өнер көрсетпек. Бір айта кетерлігі, «Ордабасының» бұл жылы екі ойыншысы командадан кетті. Бұған дейін ақпарат өкілдері аталмыш клубтың капитаны Азат Нұрғалиевтың «Ордабасыдан» кететіндігін хабарлаған болатын. Бірақ әзірге футболшының алдағы уақытта нақты қай командада ойнайтындығы аталған жоқ.

Оқи отырыңыз

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *