Бастапқы бет / Басты тақырыптар / Қытай жасанды интеллект жасап шығаратын технопарк салады

Қытай жасанды интеллект жасап шығаратын технопарк салады

Аспан асты елі Пекин қаласында жасанды интеллектке байланысты жобалар әзірлейтін технопарк салуды қолға алмақшы.

Бұл жұмысқа Қытай мемлекеті 13,8 млрд.юань (2,1 миллиард доллар) жұмсамақ. «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, технопарктің құрылысына 5 жылдай уақыт кетеді.

Технопаркте шамамен 400 компания орналаспақ. Зерттеулердің, жобалардың және өнімдердің құны жылына 50 млрд. юаньды құрайтын болады.

Бір айта кетерлігі, бұл келелі істердің барлығы Қытайды әлемдегі ең үздік ел ету мақсатында жасалып отыр. Себебі, 2017 жылдың маусымында аспас асты елінің билігі халық назарына өздерінің жоспарларын ұсынған болатын. Онда Қытайды 2030 жылға дейін жасанды интеллект саласындағы әлемдік көшбасшы ету қажеттігі белгіленген.

Оқи отырыңыз

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *