Бастапқы бет / Басты тақырыптар / Ресейде қазақстандық тауарлар дүкені ашылады

Ресейде қазақстандық тауарлар дүкені ашылады

Көршілес Ресей елінде қазақстандық азық-түліктер сатылатын жаңа дүкендер ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің сайтында хабарланды.

Алдағы уақытта дүкендер Тюмень, Новосибирск және Екатеринбург қалаларында ашылмақ. Мәліметтерге сүйенсек, ұйымдастырушылар бұл жолы дүкен ғана емес, Қазақстанда жасалған, химиялық қоспасы жоқ, экологиялық тұрғыда таза әрі табиғи азық-түліктер желісін құруды көздеп отыр.

Бір айта кетерлігі, қазіргі таңда Ресейде біздің отандық өнімдер саудаға шығарылатын дүкендер саны артып келеді. Бір ғана Омбы қаласында қазақстандық азық-түліктер сатылатын екі дүкен жұмыс жасайды. Ендігі 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында бұл қалада отандық азық-түлік өнімдері сатылатын 7 павильон салынбақшы.

Естеріңізге сала кетейік, екі ел арасындағы тауар айналымы 2017 жылдың қаңтар-тамыз айларында 2016 жылмен салыстырғанда 37%-ға артып, 11 миллиард долларды құраған. Ресейдің Қазақстанға экспорты 35%-ға артып, 7,7 миллиард долларға, ал Қазақстаннан келген импорт үлесі 42%-ға өсіп, 3,3 млрд.долларға жеткен.

Оқи отырыңыз

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *