Бастапқы бет / Басты тақырыптар / Головкин мен Альварестің қарымта жекпе-жегі өтетін күн аталды

Головкин мен Альварестің қарымта жекпе-жегі өтетін күн аталды

WBC, WBA, IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен оның бүгінгі таңдағы басты қарсыласы Сауль Альварестің қарымта жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды.

Ресми деректерге сүйенсек, көптен күткен кездесу 2018 жылдың 5-ші мамырында ұйымдастырылмақ. Ал жекпе-жектің өтетін жері алдағы уақытта белгілі болады.

Бәсеке барысында жеңіске жеткен боксшы WBO тұжырымдамасы бойынша чемпион Билли Джо Сондерспен кездеседі деп күтілуде. Яғни, жеңіске жеткен спортшыға орта салмақтағы абсолютті чемпион атануға мүмкіндік туады.

Естеріңізге сала кетейік, жерлесіміз Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі өткен жылдың 16-шы қыркүйегінде өткен болатын.

Оқи отырыңыз

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *