Бастапқы бет / Басты тақырыптар / Зейнетақы қорындағы триллиондардың тағдыры не болмақ?

Зейнетақы қорындағы триллиондардың тағдыры не болмақ?

Зейнетақы қорындағы триллиондарды басқарушы компанияларға беру уақыты белгілі болды. Жұрттың жалақыдан жырып беріп отырған жинақтарын жеке мекемелерге құю жыл соңына қарай жүзеге аспақ.

 

Мұндай қадам Үкімет пен Бас банктің қор нарығын дамыту жөніндегі бірлескен жоспары аясында жасалуда.

 

Зейнетақы активтерін басқаратын компанияларға бұл жолы қатаң талаптар қойылмақ. Компаниялар жұрттың ақшасын тиімсіз басқарған жағдайда, заң алдында жауапкершілікке тартылатыны да құжатта көрсетілген. Үкімет пен Ұлттық банктің талапты қатаңдатуы тегін емес.

 

Өйткені, бұған дейін жеке зейнетақы қорлары жіберген олқылықтың кесірінен, біраз табыстан қағылғанымыз есте. Сол себепті, жеке зейнетақы қорлары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына біріктірілген еді.

 

Десе де, активтерді мемлекеттік басқаруға беру қор нарығының дамуына кері әсер етіпті.

 

Сондықтан, осындай қадамға баруға тура келген. Бұл жолы салымшылардың басқарушы компанияны таңдау құқы болмақ. Әрі оларға төнетін еш қауіп жоқ дейді қаржыгерлер. 

Дереккөзі: alashainasy.kz

Оқи отырыңыз

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *