Бастапқы бет / Басты тақырыптар / 2019-шы жылдан бастап мектеп алды даярлық бес жастан бастап міндетті болады

2019-шы жылдан бастап мектеп алды даярлық бес жастан бастап міндетті болады

2019-шы жылдан бастап мектеп алды даярлығы міндетті түрде бес жастан басталады. Балаларды мектепте де, балабақшада да дайындай бастайды. Ол жайында Қарағанды облысының Білім басқармасының басшысы Есенғазы Иманғалиев Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Дегенмен, Есенғазы Иманғалиевтің айтуынша, ата-аналар арасында бес жастан бастап баланы мектепке беру өте ерте деген пікір үлкен қиындықтар тудырады.
— Мен статистикадан бір мәліметтер келтірейін деген едім: Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының құрамына енетін 35 елдің 29-да балалардың мектеп алды даярлығы тіпті үш жастан басталады. Жәнеде мұнің негізі бар. Колумбиялық университеттің зерттеулеріне сүйенсек, ерте дамыту бағдарламасынан өткен балалар басқаларына қарағанда азырақ қылмыстық әрекеттерге барып, өмірде анағұрлым табыстырақ болады, — деп түсіндірді облыстық Білім басқармасының жетекшісі.
Ол сонымен қатар қазіргі таңда оқушыларды жаңартылған білім бойынша оқытатынын еске салды. Жаңа оқулықтаға толығымен 1, 2, 5 және 7 сынып оқушылары көшкен. 2018-ші жылы жаңартулар 3, 6 және 8 сынып оқушыларына қатысты өткізіледі. Дегенмен, жаңашылдықтар барлық ата-аналардың көңілінен шықпады. Осы оқу жылының басында оқулықтардағы кейбір тапсырмалар мен материалдар олардың наразылығын тудырды.
— Мұндай жайттардың алдын алу үшін, қазір жалпы республика бойынша жаңа оқулықтарды сынау шаралары өткізілуде. Біздің облысымызда бұл экспериментке екі пилоттық мектеп қосылды. Ол Қарағандыдағы №3 гимназия және Киевкадағы №2 орта мектеп, — деп мәлімдеді Есенғазы Иманғалиев.
Бұл жаңартылған білім мазмұнына ауысуда ең маңызды қадамдардың бірі Назарбаев зияткерлік мектептердің тәжірибесін жүзеге асыру болып табылатынын атап айтты. Қарағанды облысында бұл тәжірибені 50 мектеп өздерінде сынап көруде. Жаңа бағдарлама бойынша облысымыздың 40% мұғалімдері біліктілікті арттырудан өтті. 2018-ші жылдың соңына дейін ол курстардан қалған барлық мүғалімдер өтетін болады.

Оқи отырыңыз

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *