Бастапқы бет / Басты тақырыптар / Астанада қала қызметтерінің тасқын суларды өткізуге дайындығы талқыланды

Астанада қала қызметтерінің тасқын суларды өткізуге дайындығы талқыланды

Төтенше жағдайлар департаментінде Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметовтың төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның жоспарлы отырысы өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Астана қаласы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысының күн тәртібінде 3 мәселе тұрды. Жиналғандар қызметтердің Астана қаласы аумағынан көктемгі тасқын суларды өткізуге дайындығы және су тасқыны кезеңінде су астында қалуы мүмкін проблемалық участкелерді қарастыру,сондай-ақ көктем кезіндегі төтенше жағдайлардың қатеріне және туындауына ден қоюға азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйелерінің күштері мен құралдарын әзірлікке келтіру жөніндегі ведомство бөлімдері өкілдерінің баяндамаларын тыңдады. Сонымен қатар, комиссия мүшелеріне Астана қаласының коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы нысандардағы (тұрғын үй қоры) лифттік шаруашылықтың жай-күйі туралы, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша іс-шараларға жергілікті бюджеттен және жергілікті ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар болған жағдайда жергілікті атқару органдарының резервінен қаражат бөлу туралы ақпарат берілді.

«Бірінші сұрақты қарастыру кезінде қала аумағынан тасқын суларды өткізу, гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіз жұмыс режимі, қорғаныс бөгеттерін ұстау және су басу қаупі бар учаскелерде тасқынға қарсы шаралар өткізуге ерекше назар аударылды», — делінген ведомствоның хабарламасында.

Күн тәртібін қарау нәтижелері бойынша қала қызметтеріне төтенше жағдайлардың алдын алуға және азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Оқи отырыңыз

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *