Бастапқы бет / Басты тақырыптар / Өткен жылы Астанада 8 млн-ға тарта мемлекеттік қызмет көрсетілді

Өткен жылы Астанада 8 млн-ға тарта мемлекеттік қызмет көрсетілді

2017 жылдың қорытындыларына сәйкес, Астананың мемлекеттік органдары 7 878 381 мемлекеттік қызметті көрсетті деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өтті.

«Қызметтердің 30% мемлекеттік корпорацияның филиалдары арқылы көрсетілді. Бұл 2016 жылдың қорытындыларымен салыстырғанда 23%-ға артық. Электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер жалпы көрсетілген қызметтердің 24%-ын құрайды. Бұл, өз кезегінде, өткен жылғы көрсеткіштен 12%-ға өскен», — деп мәлімдеді департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Айжан Умаралиева.

2017 жылы департамент қызметкерлері 34 тексеріс шарасын өткізіп, мемлекеттік қызметтер туралы заңнаманың бұзылуының 6 мыңнан астам оқиғасын анықтаған болатын. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 105 ұсыным хат шығарылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп жүйелі түрде «Құпия сатып алушы» әдісі бойынша қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізеді. Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Медет Мәуленидің айтуынша, «Құпия сатып алушы» әдісі мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жоғарылатудың тиімді де әмбебап құралы болып табылады.

«Мониторинг шаралары барысында алынған мәліметтер мемлекеттік органдардың жауаптылығын арттыра түседі. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады», — деді М. Мәулени.

Дереккөзі: astana.gov.kz

Оқи отырыңыз

Қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарын уақытынан бұрын шешіп алуға рұқсат етіледі

Мұндай мүмкіндік зейнетақы жинағын жеткілікті мөлшерде жинап қойған азаматтарға беріледі. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев ...

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *