Бастапқы бет / Оңтүстік

Оңтүстік

Оңтүстікте Орта Азиядағы алғашқы «Биогаз қондырғылар кешені» іске қосылды

  Бүгін Шымкент қаласында Орта Азиядағы алғашқы қуаты 0,5 мегаватты құрайтын «Биогаз қондырғылар кешені» іске қосылды. Қазақстандағы бірегей жоба Елбасымыздың жарлығымен қабылданған «Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын» орындау мақсатында іске асырылып отыр. Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев бұл жоба ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде Оңтүстік Қазақстан облысынан ұсынылып көрсетілгенін атап өтті. ...

Толығырақ »

«ONTUSTIK TOURISM. INVEST 2017» форумы аясында 4 меморандум түзілді

 Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстанның Ұлы Жібек жолына саяхат» халықаралық фестивалі аясында өтіп жатқан екі күндік «Ontustik Tourism. Invest 2017» туристік форумының алғашқы күні қорытындыланды. Форум аясында Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризм саласы өкілдері мен Қытай, Өзбекстан және Қазақстанның басқа қалалары арасында  4меморандумға қол қойылды. Онда екі жақты әріптестікті нығайту мақсатында «Ontustik Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы қытайдың «Salem China»компаниясымен және «Sky Way» туристіккомпаниясымен меморандум түзілді. Бұдан өзге, Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриалды—инновациялық даму және туризм басқармасы мен Хатай провинциясы арасында меморандумға қол қойылса,  «Ontustik Tourism Center»туристік ақпараттық орталығы мен Өзбекстанның туристік өнімін насихаттау орталығы арасында екі жақты меморандум түзілді. Жалпы алғанда бұл меморандумдар тараптарға өз аймақтарының туризм өнімдерін бірге дамытып, инфрақұрылымын салуға,инвестиция жұмылдыруға мүмкіндік береді. Айта кетейік, мұндай деңгейдегі іс—шара Шымкентте алғаш рет ұйымдастырылып отыр.Форум өңірдің туризм саласын дамытуға және тәжірибе алмасуға,өзара тиімді әріптестікті тереңдетуге және шетелдік инвесторларды тартуға бағытталған. Еске салайық, форумға Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік туризм басқармасы жетекшісінің орынбасары ДуЦзян,Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы Комитетінің төрағасы М.Мұрзамадиева, Kazakh Tourizmұлттық компаниясының басқарма төрағасы Р.Күзембаев, «Атамекен» ҰКП қызметкерлері, халықаралық және қазақстандық туроператорлар,инвестициялық компаниялардың, туристік ұйымдармен БАҚ өкілдері, жалпы 500-гежуық адам қатысты.  

Толығырақ »

Түймебаев үздік дәрігерлерге пәтер мен автокөлік кілтін табыстады

«Қазақстан халқы ассамблеясы» ғимаратында медицина қызметкерлері күніне арналған мерекелік шара өтті.  Салтанатты жиынға қатысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, денсаулық сақтау саласы мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, үздік дәрігерлерге пәтер мен автокөлік кілтін табыстады.  Аймақ басшысы пәтер кілтін облыстық клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінің меңгерушісі Цай Вячеславқа, ал су жаңа Lada Granta ...

Толығырақ »