Қытай

«ONTUSTIK TOURISM. INVEST 2017» форумы аясында 4 меморандум түзілді

 Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстанның Ұлы Жібек жолына саяхат» халықаралық фестивалі аясында өтіп жатқан екі күндік «Ontustik Tourism. Invest 2017» туристік форумының алғашқы күні қорытындыланды. Форум аясында Оңтүстік Қазақстан облысындағы туризм саласы өкілдері мен Қытай, Өзбекстан және Қазақстанның басқа қалалары арасында  4меморандумға қол қойылды. Онда екі жақты әріптестікті нығайту мақсатында «Ontustik Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы қытайдың «Salem China»компаниясымен және «Sky Way» туристіккомпаниясымен меморандум түзілді. Бұдан өзге, Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік, индустриалды—инновациялық даму және туризм басқармасы мен Хатай провинциясы арасында меморандумға қол қойылса,  «Ontustik Tourism Center»туристік ақпараттық орталығы мен Өзбекстанның туристік өнімін насихаттау орталығы арасында екі жақты меморандум түзілді. Жалпы алғанда бұл меморандумдар тараптарға өз аймақтарының туризм өнімдерін бірге дамытып, инфрақұрылымын салуға,инвестиция жұмылдыруға мүмкіндік береді. Айта кетейік, мұндай деңгейдегі іс—шара Шымкентте алғаш рет ұйымдастырылып отыр.Форум өңірдің туризм саласын дамытуға және тәжірибе алмасуға,өзара тиімді әріптестікті тереңдетуге және шетелдік инвесторларды тартуға бағытталған. Еске салайық, форумға Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік туризм басқармасы жетекшісінің орынбасары ДуЦзян,Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы Комитетінің төрағасы М.Мұрзамадиева, Kazakh Tourizmұлттық компаниясының басқарма төрағасы Р.Күзембаев, «Атамекен» ҰКП қызметкерлері, халықаралық және қазақстандық туроператорлар,инвестициялық компаниялардың, туристік ұйымдармен БАҚ өкілдері, жалпы 500-гежуық адам қатысты.  

Толығырақ »

Қытайда мұсылманша ат қоюға тыйым салынды

Қытай ұйғырларға мұсылманша ат қоюға тыйым салды, — деп хабарлайды GOLOSISLAMA.COM. Қытай үкіметі мұсылман ұйғырларға тыйым салу шараларын енгізуде әбден әккіленіп алды. Бұл жолғы тыйым балаларға қатысты. Синьцзян-Ұйғыр автономдық ауданы өкіметі балаларға мұсылманша ат қоюға тыйым салған заң шығарды. Жергілікті үкімет тыйым салынған есімдердің тізімін жасап қойған сыңайлы, олардың ішінде ...

Толығырақ »